Біз туралы

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары  және Әлем Тілдерінің Университеті жанындағы Шетел тілдері педагогикалық колледжі 2004 жылы құрылған.  Колледж студенттері «Бастауыш білім» – “Бастауыш білімнің шетел тілінің мұғалімі” мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім алады. Негізгі мектеп бітірген оқушылардың оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай, орта мектеп бітірушілеріне – 2 жыл 10 ай. Колледж бітірушілеріне мемлекеттік үлгісіндегі техникалық және кәсіптік білім туралы диплом беріледі.

Колледж студенттері екі шетел тілін оқиды – ағылшын тілін және таңдауы бойынша неміс, француз, қытай немесе түрік тілдерін. Колледж студенттерінің шет елдеріне шет тілдерін  оқыту курстарына  бару мүмкіндігі бар. Колледж бітірушілерінде Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары және Әлем Тілдерінің Университетінде және елімізідің басқа жоғарғы оқу орындарында қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуларын  жалғастыруға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, колледж бітіруші студенттері халықаралық тілдік емтиханды үздік тапсырып, халықаралық бағдарламамен шетелде оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Колледжде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді – жоғары және бірінші категориялы мұғалімдер жүйелі түрде Қалалық және Республикалық біліктілікті жоғарылату институтында және әртүрлі халықаралық семинарда және курстарда өздерінің біліктіліктерін жоғарылатады.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары  және Әлем Тілдерінің Университеті педагогикалық факультетінің бітірушілері колледжде өзінің педагогикалық қызметін бастайды.Жас мамандар колледж студенттерін тәрбиелеу және оқыту барысында педагогикалық жұмыстың мол тәжірибесін жинақтайды.

Колледжде кітапхана қоры мен ақпараттық ресурс жүйелі түрде жаңарып отыруына көп көңіл бөлінеді.Студенттер қазіргі заманға сай мультимедиялық кабинеттерде білім алады, Интернет желісіне мүмкіндік бар, кітапхана қорын пайдаланады.

Колледждің оқу бағдарламасында оқыту барысында студенттердің әртүрлі іс-тәжірибелері қарастырылады, соның ішінде оқу, педагогикалық және диплом алдындағы тәжірибелері бар. Студенттер тәжірибесі  негізінде Алматы қаласы мектептерінде, сондай-ақ жаздық демалыс – сауықтыру лагерінде өтеді. 4 курс практикасы студенттерге мектепте шетел тілі мұғалімі ретінде жұмыс істеп үйренуіне мүмкіндік береді. Тәжірибелі әдіскер мұғалімдер жетекшілігімен студенттердің  кәсіби шеберлігі мен дағдылары қалыптасады.